Солтүстікті есірткімен қамтамасыз етіп келген топ мүшелері сотталды

Есірткі өндіру және оны сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Тергеу 1 жылдан аса уақыт жүргізілді. Белгілі болғандай, ұйымдасқан топ 4 есірткі зертханасын ашып, тауарды Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарына жеткізіп отырған.

Осындай зертхананың бірінен 6 келі синтетикалық есірткі мен оны әзірлеуге арналған құрал-саймандар тәркіленді. Есірткі өндірушілер жасалған өнімді такси жүргізушілері арқылы ішімдік шөлмектері, сыйлық қораптары, тіпті өрт сөндіргішке жасырып, тапсырыс берушіге жөнелткен. Қылмыскерлердің бірі 36 шөлмек мефедрон ерітіндісін шарап ретінде алмақ болған жерде ұсталды. Ұйымдасқан топ тауар ақысын биткоинмен саудалап, оны интернет-қосымшасы арқылы теңгеге аударып, қолма-қол ақшаны шешіп алып отырған.