loader

Отандық ғалымдар медицинада аса қажет биоматериал өндіруді қолға алды

Отандық ғалымдар медицинада аса қажет биоматериал өндіруді қолға алды

Алматыдағы Жану проблемалары ғылыми-зерттеу институтының мамандары медицинада аса қажет биоматериалды өндіру технологиясын әзірледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гидроксиапатит минералының сүйек тінін және адамның тіс эмалін қалпына келтіру қасиеті бар. Бұл бағыттағы зерттеулер елімізде 10 жылдан астам уақыт жүргізіліп келеді. Жобаны «Қазақ ғылым қоры» қолдап, биоматериалды өндіру технологиясын әзірлеуге шамамен 160 миллион теңге бөлген. Бұл қаражатқа Жану проблемалары ғылыми-зерттеу институтында заманауи зертхана салынып, жабдықталды. Ғылыми табыстың басты ерекшелігі – гидроксиапатит табиғи материалдан, жұмыртқа қабығынан алынады. Бұл шетелдік баламалардан үш есе арзан. Мәселен, отандық өнімнің бір грамы 10 мың теңге тұрады. Ал Қытай елінен әкелінетін гидроксиапатиттің бір грамы 30 мың теңге. Қазір институт мамандары дәрілік заттың импортын алмастыру мақсатында отандық тіс дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Мақсұт Темірбаев, тіс дәрігері, профессор:

– Гидроксиапатит деген минерал бізде көп салаларда пайдалануға мүмкіншілік бар. Оны пайдаланып та келе жатырмыз. Мысалы, травматологияда сүйекті емдеу, сосын стоматологияда тіс емдеу имплантация жасаған кезде бұл гидроксиапатитті ақаулардың бәрін бітеуге жақсы әсер етеді де сол кезде ол адамның еті сияқты организм қабылдайды оны.

 

Сондай-ақ...