Елордадағы президент саябағына 300 түп сакура егілді

Бұл – өсімдіктің арқа климатына бейімделген түрі. Мамандар мұнымен шектеліп қалмайтыны айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мегаполистермен қатар Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында жалпы саны 100 мың түп шыбық екпек. Жыл сайын «Ұлттық ағаш егу күні» түрлі қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қоршаған ортаны көріктендіруге өз үлесін қосады. Солардың бірі біздің тілшілер – бүгін шие ағашын екті.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

– Жалпы Сакура тек Жапонияда ғана өсетін декоративті шие ағашы. Оның әлемде 200-ден астам түрі бар екен. Бұл тек жылы жақта ғана өсетін ағаш болғанымен, ғалымдар оны суыққа төзімді түрін шығарған. Мысалы, біздің президенттік саябаққа отырғызылған түрі Ресейдің Новосібір облысынан әкелінген. Сарыарқаның сары шұнақ аязына да төзімді түрі егіліп жатыр.

Талғат Төребеков, қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры:

– Өткен жылы біз 13 мың түп ағашын отырғыздық. Павлодар, Ақтөбе облысында биылғы жоспар көктем мен күз айларында 102 мыңнан ағаш отырғызбақшымыз. Бұл біздің қоршаған ортаны көгалдандыруға қосып жатқан үлесіміз деп есептейміз.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

Сакура ағашының бір ерекшелігіқалаға өте ерекше әр береді. Көтемде ақ немесе ашық күлгін түсті гүл жарады. Ағаш егуді ұйымдастырып отырғандар 2025 жылға дейін елімізді көгалдандыру бойынша 420 мың түп ағаш егуді жоспарлап отырғанын айтады. Ал шыбық шаншып ағаш егу қалыптасқан дәстүр. Сондықтан біз де «Хабар 24» арнасының атынан сакура егіп көрейік.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ерлан Наурызбаев