Елде мүгедек балалар саны 98 мыңнан асты

Өкінішке қарай бұл тізім жыл өткен сайын толығып келеді. Ал былтыр бүлдіршіндердің тең жартысынан астамы ғана оңалту орталығына барып ем қабылдай алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені елде арнаулы орталықтар жетіспейді. Әрі балалардың оңалуына көмектесетін мамандар да тым аз. Рамазан есімді мына бүлдіршін сал ауруына шалдыққан. Ол қатарластары секілді өздігінен жүріп тұра алмайды. Қазір жасы 6-дан асты. Бауыр еті баласын оңалту үшін Айнұрдың бармаған жері баспаған тауы қалмапты. Тіпті Ресейлік дәрігелерге де қаратқан. Алайда бұдан түк шықпапты. Қазір елордадағы орталықтардың бірінде ем қабылдап жатыр. Бала сауығып келеді.

Айнұр Жақыпбекова, қала тұрғыны:

Россияда да бізде судоргы болды қатты. Олар қараған жоқ оған. Дәрі ішкізе берде де ЛФК заниматься ете берді. Сосын мен сол нәтижемен осында келдім. Бірақ судоргы бәрі басылып кетті.

2 жастағы Ғизат алғаш оңалту орталығына келгенде өздігінен жүре алмайтын. Қазір бала шауып жүр. Бүлдіршінді білікті мамандарға қарату үшін анасы жылда Ақтаудан елордаға арнайы келеді.

Дамира Далабаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

– Біз келген кезде менің балам өздігінен тұра алмайтын еді. 1 жастан асқанда келдік. Жүре алмайды. Басты шағымымыз сол болды. Келген соң бізге осы жердегі барлық емдерді тағайындады. 01,20 бір курсы алғаннан кейін менің баламда нәтиже болды. Бір күнде өзі жерден тіреп аяғына тұрды. Келесі күні 2-3 қадам жасап бастады. 

Қазір елімізде Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын 40 оңалту орталығы жұмыс істейді. Жыл аяғына қарай бұл тізім тағы 17 мекемемен толыға түспек. Тиісті шара балалар жылы аясында қолға алынды.

Шолпан Бөлекбаева ҚР бас реабилитологы:

Түкпір түкіріпдегі ауылдағы балаларға да қолы жететін болды оңалтуға. Бұрын қаланың балалары көбірек келетін. Қазір ауылдағы балалар да келетін болды. Оларға да көмек көрсетіледі. Тек орталықты салып оны жабдықпен қамтамасыз ету ол бір мәселе. Екінші мәселе ол өз алдына бір төбе. Мамандарды дайындау.

Қазір мүгедектігі бар балаларға көмек көрсететін маман тапшы. Әсіресе эрготерапевтер жетіспейді. Олар жүйке жүйесіне зақым келген жандарға дұрыс тамақтануды үйретеді. Қолдың ұсақ моторикаларын дамытады. Биыл бұл әдісті меңгерген 100 ден астам маман даярланды. Бірақ мұның өзі аздық етеді. Сала мамандарының айтқанынан түйгеніміз осы.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы, Мерей Мұратханқызы