Стелс-омикрон штамының айналымы анықталды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі стелс-омикрон штамының таралу көрсеткіші 37% шамасына екенін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі айда жүргізілген ПТР скрининг қорытындысы бойынша жоғарыда аталған штамның таралу көрсеткіші шамамен 37 процент. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, дәрігерлер коронавируске қарсы вакциналауды және қайта вакциналауды уақтылы жүргізуді ұсынады. Қазіргі уақытта елде вакцинаның 3 түрі қолжетімді. Олар Pfizer, Sinopharm және QazVac.