Референдум: БАҚ бас редакторлары семинарға қатысты

Республикалық референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларына арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-шараның өтуіне Орталық референдум комиссиясы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйытқы болды. Семинарда референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт-насихат, электораттық оқытуды ұйымдастыру, БАҚ өкілдерін аккредиттеу, сондай-ақ реформалар туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.