470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында теміржол күрделі жөндеуден өтіп жатыр

  • 102
  • UPD: 07:44, 14.05.2022

Елде теміржол магистралындағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Қазақстан Темір Жол» Ұлттық команиясы биыл 550 шақырымнан астам жолдың күрделі жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңестік кезеңде төселген теміржолды осылайша жаңа рельс пен шпал алмастырып жатыр. Алайда пойыздардың жүру кестесі кешеуілдеп жатқан жоқ па!? Әріптесім Нұрсұлтан Мұхамеджан айтсын.  

Шағыр – Талдықұдық арасын жалғаған шойын жолы жыл өткен сайын нашарлай түсті. Мамандар енді бар қиындық артта қалады, дейді. Жол сапасы жақсарған соң поездың жүру жылдамдығы артады. Сәйкесінше екі арадағы жолға кеткен уақыт анағұрлым қысқарады.

Ербол Сәулебеков, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол және құрылыстар департаментінің директоры:

Биылғы жылы департамент бойынша 551 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткіземіз және басқа да рельс алмастыру, шпал алмастыру жұмыстары бар. Барлығы биылғы жылға жоспар бойынша 1 мың шақырымнан асады.

Бұл нысан Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарайды. «Қазақстан Темір Жол» Ұлттық команиясы мұндағы жөндеу жұмыстары пойыздың жүру кестесіне кері әсер етпейді, – дейді. Күрделі жөндеуге арнайы 30 сағат берілген.

Ірілі-ұсақты магистралдық теміржол құрылысын жүргізуге техниканың әлеуеті жетеді. Сондай-ақ барлық қажетті материалдық бөлшектер де өз елімізде өндіріледі. Теміржол тасымалының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бұл таптырмас мүмкіндік.

Пернебек Өткелбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ машиналандырылған жол дистанциясы филиалының директоры:

Ең басты машинамыз шпал алмастыратын SMD машинасы. Бұл 2012 жылы келген. Сол кезден бастап бүгінгі таңға дейін 762 шақырымдай жұмыс жасады. Бүгінгі жұмыстарды қосқан кезде. Біріншіден бұл техника адам қол күшіне жеңілдік береді. Бір техниканың өзі бірталай қол күшін алмастарады.

Қазақстандағы теміржолдардың күрделі жөндеу жұмыстары Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Атырау мен Маңғыстау бөлімшелерінде де жүргізіліп жатыр. Бұл жоспарлы жұмыстар келер жылы да жалғасады.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы