Сенат депутаттары жұмыс сапарымен өңірлерде жүр

Жамбыл облысында 7 түрлі медициналық шприц шығаратын зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс орны биыл іске қосылуға тиіс. Жүзеге асса өңірде жылына 500 миллион дана шприц өндіріледі. Зауыт Айша бибі ауылындағы фармацевтикалық кәсіпорын жанынан салынып жатыр. Мұнда қазірдің өзінде медициналық бұйымның 370 түрі шығарылады. 600 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аймақта жұмыс сапарымен жүрген Сенат депутаттары осы нысанға барды. Өндіріс барысымен танысып жұмысшылармен кездесті. Бесінші маусымда өтетін референдумды өткізу тәртібін түсіндіріп әр тұрғынның, әрбір қызметкердің саяси науқанға қатысудың маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар 4-ші бюджет мәселесін де айтты.

Ғұмар Дүйсембаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– 10-нан аса салықтың ішіндегі мүмкіншіліктер беріп жатырмыз. Бірақ олардың барлығы байқағанымыз әлі жеткіліксіз. Ауылдың кісілерімен сөйлесіп заңға қандай өзгерістер жасауымыз керек. Салық бойынша қай өнімге беруіміз керек деп әдейі ақылдасу үшін шықтық. Себебі ертең өзгеріс жасап жатсақ, сол халықтың айтқан сөздерін, ұсыныстарын тыңдап, соның бәрін ертең заң бекіткен кезде сол заңның ішіне кіргізейік деп әдейі келіп отырмыз. Халық соған тікелей қатысып, ауылдың ішіне не жасау керек? Свет өткізе ме? Жолын жасай ма? Суын өткізе ме? Газын жасай ма? Оның бәрі ауылдың ішінде жиналып, көлеммен өздері ауылдың әкімімен бірге соны шешуге мүмкіншілік береміз.