Әлемдік пандемия кезінде Қырғызстанмен барыс-келіс мәселесі қиындаған

Жағдайды қалыпқа келтіріп, екі жылда туындаған мәселелерді талқылау мақсатында Мәжіліс депутаттары мен Қырғызстан Жогорку кенешінің депутаттары Қордай қаласында кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде тараптар Еуразиялық одақ шеңберіндегі көлік-логистикалық байланысты жақсарту жолдарын қарастырды. Нақты айтқанда «Қарасу» кеден бекетіне күрделі жөндеу қажет. Өйткені, жүк көліктерін тексеру кезінде техникалар жиі істен шығады. Соның салдарынан азық-түлік пен көкөніс тиелген көліктер сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр. Бұл әсіресе қырғызстандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің қалтасын қағады. Басқосуда туризмді дамыту мәселесі айтылды. Егер пандемияға дейін Қазақстаннан қырғыз еліне бір жылда 2 млн-нан астам адам барса, Қырғызстаннан елімізге 1 жарым млн адам өтіпті. Алайда былтыр бұл көрсеткіш 3 есеге кеміген. Сондықтан депуттар ең алдымен кедендік бақылау бекеттерін қалыпқа келтіруді қажет деп санайды.

Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қарасу» бекеті жаңартылатын болады, ремонтталады. Рентген аппараты кей кезде сынып қалады. Оны жөндеу 1-2 күн. Басқа мәселе - электрондық шот фактурасыз келіп жатқан көлік көп. Онда әрине тексеріс басталады. Ол үшін 1-2 сағат керек. протокол бәрі. Сондықтан кезектердің көбісі осы жағдайға байланысты.