Ақмола облысында биыл 38 білім беру ұйымының 95%-і мемлекеттік аттестациядан өте алмай қалды

Білім – саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері аймақта 28 балабақша мен 10 мектеп тексерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек 2 бөбекжай ғана білім беру стандарттарына толық сәйкес келген. Ал, қалғандарында бірқатар кемшілік бар. Айталық, оқу жоспарының дұрыс жасалмауы, инклюзивті білім беру талаптарының бұзылуы, баланың даму мониторингін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстардың орындалмауы секілді қателіктер анықталған. Бұл тек балабақшалардағы олқылықтар. Енді оларға аттестациядан қайта өтуге мүмкіндік беріледі. Орта білім беру ұйымдарында да біраз шикілік бар, - дейді, мамандар.

Манат Әбілмәженов, Ақмола облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы:

Жылдық жұмыс жоспары, тәрбие жоспарлары дұрыс жасалмаған, сабақ кестесін, оқу жұмыс жоспарларын құрастыруда кемшіліктер жіберілген. Оқушылардың білімін формативті бағалауы «Kundelik.kz» электронды журналдарында пән мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын жүктемеуі, пәндік оқу кабинеттері мен жабдықтардың жоқтығы және оқу-зертханаларындың жабдықтары мен құралдардың жеткіліксіздігі, педагогтердің сапалық көрсеткіштерінің төмендігі анықталды.