Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды

Әйгілі мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған ескерткіштің дәл осы жерде ашылғаны тегін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бақанас – ата-бабасының туған өлкесі. Граниттен жасалған мүсіннің биіктігі 3,30 м, тұғырымен қосқанда 5,30 метрге жетеді. Халықаралық «Дінмұхамед Қонаев қорының» есебінен тұрғызылған ескерткіштің авторы – Алтай Бейсенов, ал сәулетшісі – Бекзат Бейсенова. Жиын соңында Дінмұхамед Қонаев рухына құран бағышталып, ас берілді. 

Дияр Қонаев, Д.Қонаевтың туысы:

– Ол бұл жерді жақсы көретін, бірге осында келетін едік. Бақанасқа деген ықыласы бөлек еді. Балқаш ауданы ата-бабасының туған өлкесі. Сондықтан бұл өлкені ерекше жақсы көретін. Көпір салған және осы жерден депутаттыққа сайланғанды. Балқаш ауданын көркейтуге көп күш салды. Бұл жерде тұлғаның ескерткіші ашылғаны халықтың оған деген құрметінің белгісі.