Елордада әскери-техникалық мектептер күніне орай ретро көрме өтіп жатыр

Көрмеге 1930-60 жылдардағы 20 шақты көлік қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағында әскери-техникалық мектептің 15 бөлімшесі бар. Кейінгі 22 жылда 76 мыңнан аса әскери жүргізуші, механик-жүргізуші және радиотелеграфистер дайындалды. Уақыт талабына сай мектеп базасындағы көліктер жаңарып жатыр. Мамандардың айтуынша, тәлімгерлер әр заманның техникасын игертуі тиіс. Бұл олардың біліктілігін арттырады.