1 маусымда балаларға жәрдемақы төленеді деген ақпаратқа қатысты Еңбек министрлігі түсініктеме берді
- 1339
- UPD: 20:46, 15.05.2022

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.
«Азаматтардан жалған ақпараттарға назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады», - делінген министрлік хабарламасында.
