БҚО-да жол мәселесі шешілмей тұр

Қараоба мен Қошанкөл арасындағы жолдың сиқы осындай. Қар мен жаңбыр жауса, бұл жолмен жүру мүлде мүмкін емес. Оралдан 400 шақырым жердегі бұл ауылға соңғы бір айда екі мәрте жолымыз түскен. Сәуірде суға  кеткен Жақсыбайға бардық. Ал, мамырдың басында киік төлдеуін түсіру үшін тағы осы ауылдың үстінен өттік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр жолғы сапарда көргеніміз осы көрініс. Қараобалықтар көрші Қошанкөл ауылына айлап жете алмай жүрміз. Жолға жауапты мердігердің өз міндетіне салдыр-салақ қарамауын талап етеміз,- дейді.

Сәкен Ищанов, Қараоба ауылдық округінің әкімі:

– Қазіргі таңда мердігер жұмысын бастады ұтып алған. Бірақ бір келіп кетті, содан бері келген жоқ. ЖКХ-ға ауданға жазылды хаттар, бірақ нәтиже бір рет келіп кетті, содан кейін келген жоқ. Жол шоқалақ, халықтан арыздар түсіп жатыр қазір.

Кеше көктемде балшық болды, қанша көліктер сол жерде батып тұрды. Қазіргі таңда уже жол кепті, соны қырып тегістеп берсе деген үміт күтеміз мердігерден.

Хайырболат Қизағалиев, Қараоба ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Біздің мына жолымызды ұтып алған Стат строй сервис Бекенов Ғани деген кісі. Сіз енді ұятыңыз болса келіп жолды тегістеп , алған міндетемеңізді орындасаңыз халықтың ризашылығына ие болар едіңіздер.  Облыс орталығынан 420 км жерде тұрамыз. Мына 20 шақырым жердегі Қошанкөл деген ауылға соған жету 1 айлап жете алмай қатынас болмай қалатын кезеңдер болады. Әсіресе, қыс кезеңінде жолдың азабын көп көреміз.

Сөзіміз бір жақты болмауы үшін дәл осы жолға жауапты мердігердің де пікірін білуге тырыстық. Ашынған ауыл тұрғындарының зарын кәсіпорын басшысына жеткізіп, жолды күтіп-ұстау жұмыстарының не себепті дұрыс атқарылмай жатқанының себебін сұрадық: 

Ғани Бекенов, мердігер кәсіпорын басшысы

Соңғы рет 7-8 күні қырдық майдың. Содан кейін жаңбыр жауып кетті ғой. Қаттырақ қырсаң балшық шығады астынан. Біздің жұмысымыз күтіп ұстау ғой, оған енді жасауға болады ғой, білмеймін енді, бізе ондай қаражат жоқ қой. Тек қана Қараоба мен Қошанкөл емес басқа жолдар да бар.Қазір жаңбыр жауып жатыр бесполезно, бір жұма жаңбыр деп жатыр. Қазір смысл жоқ. Ертең кепкеннен кейін тағы да барып қырамыз.  

Қараобалықтарды қинаған мәселе бойынша тиісті басқармаға хабарластық. Мамандар аталған ауылға алдағы 3-4 жылда асфальт барады деп сендірді.  

Айдар Меңеев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Осы мына тас жол ғой, Беспішен-Қароба жолы. Қазір мына 15 км асфальт жасап жатырмыз. Былтыр бастадық, 4 км асфальт салып қойдық. Осы жерден 15 км конкурс жүріп жатыр. Жоспарымыз бойынша біз 25-26 жылға дейін біз мына Қараобаға дейін жетукіміз керек.

Өкінішке қарай, аймақтағы облыстық маңызға ие жолдардың тек 39 %-і ғана қанағаттанарлық деңгейде. Биыл өңірде құрылысы жүріп жатқан 38 жобаны жүзеге асыруға 12,7 млрд теңге бөлінген. Осы қаржы есебінен жыл соңына дейін 228 шақырым жол жөнделеді. Сол кезде аймақтағы сапалы күйдегі жолдардың үлесі 46 %-ке жетпек.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов

 

Сондай-ақ...