Толассыз жауыннан кейін Ақтөбені су басты. LIVE

Кешелі бері Ақтөбеде нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басып, қозғалыс қиындады.

Бірнеше көп қабатты үйдің шатырынан су кетіп, тұрғындар әбден әбігер болып жатыр. Ең сорақысы, мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа үйлердің сапасы сыр берді. Ескі жатаханалардың жертөлелері жаңбыр суына толды.

Айта кетейік, қалада суағарлар мен арық мәселесі біраз жылдан бері шешілмей келеді. Салдарынан жаңбыр жауса қаланы су басады.

Нөсердің салдарын жою жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші