Жеңіл несиеге қызыққан жұрт автосалондарға ентелеп тұр

Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылды.

Бүгіннен бастап ел тұрғындары бастапқы жарнасыз 4 проценттік несиеге отандық өндіріс көліктерін сатып ала алады. Автонесие 7 жылға 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға беріледі. Бұл мақсатқа ел Үкіметі 100 миллиард теңге бөлді. Өңірлердегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңге бөлінеді. Бір азамат мұндай несиені 2 жылда бір-ақ рет ала алады. Қазір осы бағдарламаға қатысатын 4 банк таңдап алынған. Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлеріндегі автосалондарда бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер ұзынсонар кезекке тұрған. Бас қалада да көлікке әуес жұрт автосалонға ентелеп тұр. Жүздеген адам қаланың ірі дилерлеріне кіруге кезекте тұр. Оған біздің түсірілім тобымыз да куә болды. Бұл туралы келесі жаңалықтарда толығырақ айтатын боламыз.