Ақтөбеде мембағдарламамен салынған жаңа үйлердің сапасы сыр берді

Ақтөбеде мембағдарламамен салынған жаңа үйлердің сапасы сыр берді

Кешелі бері Ақтөбеде нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басып, қозғалыс қиындады.

Бірнеше көп қабатты үйдің шатырынан су кетіп, тұрғындар әбден әбігер болып жатыр.

Ең сорақысы, мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа үйлердің сапасы сыр берді. Ескі жатаханалардың жертөлелері жаңбыр суына толды.

Айта кетейік, қалада суағарлар мен арық мәселесі біраз жылдан бері шешілмей келеді. Салдарынан жаңбыр жауса, қаланы су басады. Қазір нөсер салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Коммуналдық мекемелердің 90 техникасы жұмылдырылды.