Жағалаудан 64 өлі итбалық табылды – Маңғыстау облысы

Каспий теңізіндегі жалғыз сүтқоректі итбалықтар тағы да қырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко елді мекені тұсына толқын 60-тан астам итбалықты шығарып тастаған. Сол аумақтан 5 бекіренің де өлексесі табылды. Олардың неден қырылғаны әзірге белгісіз. Экологтар су мен ауадан сынамалар алған. Еске сала кетейік, өткен айда Қаражанбас кен орны су бөгетінен де 97 өлі итбалық табылған болатын.

Аслан Жеңісұлы, ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі:

– Каспий жағалауынан табылған 64 итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық қыс мезгілінде өлген болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, осыған дейін табылған өлі итбалықтар дерегі осыған ұқсас. Сондай-ақ зерделеу барысында өлекселер қатты шіріп, ыдыраған күйде табылды. Олардың қаңқалары жақында оңтүстік-батыстан соққан қатты дауылдан кейін жағаға шықып қалған.

Сондай-ақ...