Жеңілдетілген автонесие: салонда көлік жоқ

Алматыдағы автосалондарда да ұзын-сонар кезек. Жеңілдетілген несиемен көлік сатып алғысы келген азаматтар төлем шотын ала алмай, табан тоздырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі салонда көлік жоқ. Ал төлем шотынсыз банкте өтініш қабылдамайды, дейді тұрғындар. Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде банктер жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 4 процент сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарнасыз, 15 млн теңгеден аспайтын көліктерді алуға өтініш қабылдауы керек болатын.

– Сізге банктен хабарлама жібереді, таңдаған көлігіңізге шот-фактура алып келіңіз деп, ал бұл жерде бірде-бір көлік жоқ. Ал мына көліктің барлығын көрмеге қойып қойған. Бұл бағдарлама жұмыс істемейді, бұл халықтың алтын уақытын жеу, халықты әрлі-бері сандалту, халықпен ойнау.