Депутат бейнесі. Халық пікірі

Арна тілшілері бүгінгі депутат бейнесі туралы сауалды халықтың өзіне қойып көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Халық сайласа барам. Бұрын бармайтынмын. Әбден көңілім қалған. Сұрақтарымыз шешілмеді ғой. Қалай депутат болады, солай ешкімді танымайды. Халықтан қашып жүреді.

– Өз пікірлерін айтып, олармен біз таныссақ. Әйтпесе әкеледі іліп қояды. Біз олардың ісін білсек, қандай оның жетістіктері бар. 5-6 фамилия тұрады, танымаған соң біреуін таңдай саламыз. Олар халықтың алдына келіп, мен осыны бүйтем-сүйтем десе, біз оларды сайлаймыз.

– Халық таңдауы арқылы билікке дұрыс адамдар келсе, нұр үстіне нұр болар деп ойлаймын. Себебі дұрыс шешімдер қабылданады.

– Халық сайлағаны дұрыс. Өздерін дұрыс жағынан жарнамалап, бағдарламаларымен таныстырса.