Алматыда 160 мың шаршы метр аумақ гүлмен көмкерілмек

Шаһарда көше бойы мен саябақтарға гүл егу маусымы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала бойынша 159 мың шаршы метр аумақ қамтылады. Көбі раушан, қызылкүрең, каламбус, гортензия гүлдері. Бұлардың бірқатарын тұрғындар бұрын ботаникалық бақтан ғана көретін. Енді қала көшелерінде жайқалып тұрмақ. Ал жерсіндіру аяқталған көпжылдық гүлдердің үлесі 17 процентке жеткен. Бағбандардың мақсаты –көпжылдық гүлдердің көлемін алдағы жылы 60 процентке дейін жеткізу. 

Нұркен Ақмырза, қалалық жасыл экономика басқармасының бас маманы:

– Алматы қаласында гүлдер адамдар көп жүретін жерге отырғызылады. Ортақ қолданыстағы жерге отырғызылады. Жалпы 70 мың шаршы метрге гүлзарлар отырғызылды. Ол жұмыстар жүргізіліп жатыр әлі, маусым айының онына дейін отырғызылады.