Елімізде құс етінің импорты азайды

Елімізде құс етінің импортына тәуелділік 51%-дан 35%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы 3 жылда қолға алынған кешенді шаралардың нәтижесі. Ал жұмыртқамен өзімізді толық қамтамасыз етіп отырмыз. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, мал шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешенінің басты салаларының бірі.