Мал шаруашылығы өркендейді – Ербол Қарашөкеев

Мал шаруашылығы өркендейді – Ербол Қарашөкеев

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев министр биыл мал шаруашылығында құны 100 млрд теңге болатын 62 жоба іске асатынын айтты. Аталған жобалар аясында 2,8 мың адамды жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өткен жылдың өзінде ғана мал шаруашылығында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуықтайтын 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Мысалы, сүтті мал шаруашылығында былтыр қуаты 57 мың тонна болатын 35 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды», - деді министр.

Оның ішінде, 10 жоба Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асты.