Жеңіл автонесиеге берілген өтініш саны 2 мыңнан асты

Жеңіл автонесиеге берілген өтініш саны 2 мыңнан асты

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеудің алғашқы күнінде екі банк 2 мыңнан аса өтініш қабылдаған.

Индустриалды даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков осындай дерек келтірді.

Тәулік ішінде бір банк мыңға жуық, ал екіншісі 1200-ге тарта құжат қабылдаған. Қалғаны әлі корпоративтік үдерістерді жүргізіп жатыр. Олар да жақында жеңілдетілген автонесиеге өтініштерді қабылдай бастайды.