Биыл бір ғана елордада 10 мың шетел азаматы тіркелген

Жыл басынан бері бір ғана елордада 10 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген.

Оның 6 мыңнан астамы өзбекстандық, 1200-і Ресейден келген. Қалғаны Қырғызстан мен Тәжікстан азаматы.

Шетелдіктердің басым бөлігі елімізге жұмыс іздеп келеді. Ал тіркелген 10 мыңға жуық мигранттың 600-ге жуығы студент. Бұдан бөлек елге заңсыз келетіндер бар. Биыл олардың 1800-ден астамы әкімшілік жазаға тартылды. 410-ы сот шешімімен елден шығарылған.