«Аңсаған сәби»: 2026 жылға дейін жыл сайын 7000 квота бөлінеді

«Аңсаған сәби»: 2026 жылға дейін жыл сайын 7000 квота бөлінеді
Егемен Қазақстан

ҚР Президенті 2022 жылды «Бала жылы» деп жариялады. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға баса назар аударады.

Ведомство басшысының айтуынша, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтілді, оның ішінде жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауына аса көңіл бөлу, жай талдаулар арқылы көптеген аурулардың алдын алуға мониторинг жасап, қарау, балаларды туа біткен әртүрлі аурулардан отоакустикалық эмиссия, басқа да есту әлеуетін тіркеу арқылы барлық медициналық ұйымдарға апараттарды жеткізу, аутизмге арналған түрлендірілген скринингтік тестілер емханаларда енгізіле басталды, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 16,5 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген және оған 9 сирек немесе орфандық аурулары бар балаларды емдеу үшін 24 дәрілік зат сатып алынады. Сирек кездесетін аурулар ішінде жұлын-бұлшықет атрофиясы және эпилепсиясының сирек кездесетін түрлері бар. 2021 жылы Президенттің тапсырмасымен «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Биыл сәуір айындағы жағдай бойынша ЭКҰ арқылы 1307 бала дүниеге келді, 3063 әйел жүкті болды, бұл 43%-ті құрайды», – деді А.Ғиният.