Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника ашылады

2023 жылы елорда мен Алматыда ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынып жатыр. Келесі жылдың басында қызмет көрсетуге беріледі. Бұл орталықтар JCI талаптарын ескере отырып, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес болады. Сонымен қатар ол Президент мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, 20 аурухана салуға қатысты да тапсырма бергенін атап өтті. «Осы тапсырма қайта қаралып, 8 жобаға дейін оңтайландырылды, 5 университеттік аурухана, 3 көпбейінді аурухана салу жоспарланып отыр», – деді министр.