456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да желшешек жайылып барады

  • 86
  • UPD: 18:40, 18.05.2022

Солтүстік Қазақстан облысында желшешек жұқтырғандар көбейді. Эпидемиологтар осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Олардың мәліметінше, үстіміздегі жылдың төрт айында  қауіпті індетке шалдыққан 712 адам тіркелсе,оның  635-і 14 жасқа дейінгі балалар. Ал ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге дейін артқан. Мамандар осы ауру жұқтырғандар үйде оқшаулану керек екенін ескертеді. Мамандар бұл індет жедел жұқпалы және ауа тамшы жолы арқылы беріледі деп отыр. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында осы желшешек ауруы бойынша карантинге жабылған мектептермен балабақшалар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы