Таразда жолшы маман тапшы

Жамбыл облысында жол саласында кәсіби мамандар тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, бұл аудандық деңгейде өткір тұрған мәселе. Жол активтері Ұлттық сапа орталығы жүргізген зерттеуге сәйкес жергілікті жерлердегі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде жұмыс істейтін екі мыңға жуық маманның тек 12%-інде ғана кәсіби дипломы бар екендігі анықталған. Бұл жол салу кезінде сапаға тікелей әсер етіп отырған факторлардың бірі. Қазір мәселені шешу бағытында елімізде 2000 мектеп бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында жоғары сынып оқушылары арасында тұрақты кездесулер өткізілуде. Сонымен қатар колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін шақыртып тәжірибеден өткізеді. Ол үшін әр студентке 80 мың теңге көлемінде ақы төленеді. Алайда бұл мәселені түбегейлі шешуге жеткіліксіз. 

Мырзахмет Ибрагимов, Жол активтері ұлттық сапа орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры:

Тапсырыс беруші болғаннан кейін білікті маманы болуы міндетті түрде. Ана жерде қарап жолдың ені бар ұзындығы бар жобасын білу керек қой. Ал сол жұмыстарды біз істеп беріп жатырмыз. Білікті маман болмаған соң әрине білмейді. Ауданда өздеріңіз білесіздер маман тапшы ғой. Біз барлық жолды тексеріп те үлгере алмай қаламыз.