Биыл Шекара әскер қолбасшылары кеңесінің құрылғанына 30 жыл

Осыған орай Түркістан қаласында Кеңестің 84-отырысы өтті. Оған Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мен Түрікменстан – шекаралық ведомстволарының делегациялары қатысты. Отырысқа ТМД-ның өзара іс-қимыл жасайтын органдары мен өзге де терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес ұйымдарының өкілдері шақырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делегаттар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғауды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі қызметі мен бірлесіп өткізілген арнайы операцияларға қорытынды жасалды. Кеңестің алдағы жылға арналған міндеттері, ақпарат алмасуды жетілдіру, ғылыми-зерттеу және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері қаралды.

Ербол Түлкібаев, ҚР Шекара қызметі департаменті бастығының орынбасары:

8 сұрақ қаралды. Сол бойынша 11 шешім шығарылды. Ол шешімдер есірткі тасымалдау, қару-жарақты заңсыз тасымалдау және көші-қонға қатысты. Соның ішінде шекара қызметі шекарааралық операцияларды бірлесіп өткіземіз. Оқу жағынан тәжірибе алмасып, жоспар бойынша ары қарай бірге жұмыс істейміз.