Sarap клубы: Референдум халық үшін керек

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан 1200 адамның 76 пайызы елде өтетін референдумды қолдайтындарын білдірген. 66 пайызы дауыс беруге қатысатындарын растаған. Бұл жайында «Сарап» клубының отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Референдумға келу немесе келмеу әр адамның ішкі азаматтық ұстанымына байланысты. Конституциялық реформа қоғамды  демократияландырудың шынайы қадамы, - дейді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары. Референдумның мән-жайын халыққа жеткізу жұмыстары аймақтарда да жалғасып жатыр.

Бауыржан Серікбаев, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ сарапшысы:

Аудандарды, қалаларды аралған кезде халық тарапынан сұрақтар бар, мысалы, қандай баптар өзгертіледі, ол қалай әсер етеді, бұл бап өзгергені маған не береді, Қазақстанның болашағы қандай болады деген секілді, референдум өзі қалай өтеді деген сияқты сұрақтар бар. Біз «Сарап» эксперттік клубымен региондарды аралап, сол жерде жергілікті эксперт, саясаттанушылармен, азаматтық қоғам белсенділерімен кездесіп, халықтың сұрақтарына жауап беріп жатырмыз.