ШҚО-дағы Ұлттық ядролық орталықтың құрылғанына 30 жыл

Курчатов қаласындағы ұлттық ядролық орталық 30 жылда Семей полигонының 18 мың шаршы шақырымын зерттеген. Сөйтіп аумақтың жартысынан астамы пайдалануға жарамды деп шешкен, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Бұл ауқымды еңбек бүгінгі мерейтойлық жиында қорытындыланды. Басқосуға АҚШ, Жапония, Корея және Еуропалық одақ елдерінің ғАлымдары қатысты. Жиында атом энергиясын  пайдалану жөнінде өзара берік әріптестік орнағаны айтылды. Әрі орталықтың Семей полигоны зардабын жою және әскери өндірістік кешеннің бейбіт мақсаттағы мекемеге айналғаны зор жетістік екені сөз болды. ҒАлымдар республика аумағында атом электр станциясын салу мәселесін де талқылады.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

 – Энерго станциялардың бәрі ескірген. Шамаменсоның бәрін жаңарту мәселесінде қазір көмір энергиясын ешкім қаржыландырмайды сондықтан көптеген энергя қажет етеді. Қазақстан экономикасы осыны қамтамасыз етуге энергия көздері керек атом энергиясы өте таза қауіпсіз болып табылады. Және де бұл соғылған жағдайда көтпеген мультипликативті мүмкіндіктер бар  оны үлкен құрылыс жүреді өңірде  жұмыс орындары табылады.