Нұр-Сұлтан базарларында азық-түлік бағасы қандай?

Нұр-Сұлтанда орналасқан төрт ірі сауда орталығындағы азық-түлік бағасы бұл аптада тұрақты, деп хабарлайды Elorda.info.

Базарларда көкөніс дәл кешегі бағамен саудалануда. Қант, күріш және макарон өнімдерінің де құны өзгермеген.

Картоп бағасы төрт базарда да шамамен бірдей, тек бір-бірінен 10-20 теңгедей ерекшеленеді. Күріштің ең арзаны «Шапағатта» болса (235 теңге), ең қымбат күріш «Астаналық» базарында (398 теңге) сатылып жатыр. Ал макарон өнімдерінің бағасы «Көк базарда» төмен – 200 теңге, «Әлем” базарында – 250 теңге, «Шапағатта» 270 теңге, ал «Астаналық» базарында 321 теңгеге сатылып жатыр.