Атырау облысында зиянкес жәндік қаптап барады

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында «жусан-жапырақ жемірі» деп аталатын зиянкес жәндіктер қаптап барады.

Кеше, 18 мамыр күні жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне осы ауданға қарасты ірі шаруа қожалықтарының 400 гектардан астам жайылымдық жерінің жарамсыз болып қалғаны анықталды.

Жалпы Қызылқоға ауданында зиянкестер зақымдаған жер көлемі 800 гектардан астам аумақтан зиянды жәндіктердің дернәсілдерінің ұясын тапты. Бүгіннен бастап жерлігілікті билік жауапты мекемелермен бірлесіп, жайылым зиянкестерінен келген шығын көлемін анықтап, оларды жою жұмыстарына кірісті. Осы өңірдегі тілшілеріміз мәселені назарда ұстайды.