Қопа көліне 23 мың ақ амур және күміс тұқы шабағы жіберілді

Бұл су айдынын табиғи жолмен тазарту үшін жасалып отыр дейді мамандар. Себебі аталған балық түрлері көбіне балдырмен қоректенеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары көл қатты ластанып кетті. Түбін шөп басып, судың түсі де өзгеріп кеткен. Ал оны тазартуға миллиардтаған қаражат керек. Экология министрі Қопаны тазалауға келесі жылы кірісеміз деп сендірді. Табиғатты қорғаушылар әзірге осылай көлдің фаунасын байытумен ғана айналысып жатыр. Жалпы соңғы жылдары аймақтың су айдындарына 13 млн дана балық жіберіліпті.

Болат Төкішев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұрын көліміз нашарлау болды. Кішкене иіс болды. Қазір көл тазаланып жатыр. Қазір көлде ауа 5 процент болса, қазір көлдің ауасы 7-8 процентке дейін барады.

Сондай-ақ...