Әкім саясаткер ретінде перспективалы болуы тиіс – «Стратегия» зерттеулер орталығы

Әкім саясаткер ретінде перспективалы болуы тиіс – «Стратегия» зерттеулер орталығы
alashainasy.kz

Елдегі ең үздік әкім Алматы облысын басқарып отырған Қанат Бозымбаев екен, екінші орын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің еншісінде болса, үштікті Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев түйіндейді. Бұл жағы түсінікті. Ал жалпы әкімдердің рейтингі қандай критерийлер бойынша түзіледі?

Сонымен республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдерінің жұмысы бірнеше талап бойынша бағаланады.

Олар:

– Әкімнің жұмысына тұрғындардың көңілі толуы;

– аймақтағы экономикалық және ішкі саяси жағдайларды басқаруы;

– ақпараттық ашықтық (оның ішінде әлеуметтік желіде);

– әкімнің саясаткер ретінде перспективалы болуы.

Бағалау 7 балдық жүйемен жүргізіледі, бұл жерде 1 деген мінездеменің болмауы, ал 7 – мінездеменің ең жоғары көрсеткіші. Бұл туралы «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры мәлімдеді.