456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда 225 нысанның жұмысы тоқтатылды

  • 133
  • UPD: 10:50, 20.05.2022

Ел аумағында талапты бұзған 225 нысанның жұмысы тоқтатылды. Оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына ие 3 аттестаттың күші жойылды. Онымен қоса, жұмыс барысында зардап шегетіндер де көбейген. Мәселен биыл өндіріс ошағында 300-ден атам адам жарақат алып, 50-ге жуық азамат қаза тапқан. Оның 11-і құрылыс алаңында ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сағихан Төлеуғали, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің бас сарапшысы:

Қазақстанда зардап шеккендер саны көбінесе құрылыс саласында. Жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы, жеке құралдармен қамтамасыз етілмеуі болып келеді. Жұмысшы жарақат алғанда жұмыс беруші инскепцияға хабарласу керек, акт бойынша жұмыс берушінің кінәсін дәлелдей алады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша зардап шеккендер саны 1467 адам, оның ішінде 200-і қайтыс болды. оның ішінде 15,3 проценті құрылыс салдасында зардап шеккендер саны.

Республика бойынша қалыпты қағидадан ауытқу салдарынан 67 оқыс оқиға тіркелген. Айталық, соңғы кезде құрылыс алаңдарындағы биік крандардың тұмсығы қоршаудан шығып тұратыны жайлы дерек көбейді.

Арнамызға осындай шағым айтушылар да аз емес. Арнайы бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатқандар да бар. Осындай жағдайда не істемек керек? Жазатайым оқиғаның куәсі болған адам қайда хабарласқаны дұрыс? Оның жауабын мамандардан сұрап білдік.

Қанат Қыздарбеков, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы:

Біз айкөмек бойынша жұмыс істейміз. Егер сондай крандарды біз көрмесак, халық көрсе бізге звондайды. Егер кранның өзі алаңның ішінде тұрып, жүгі сыртқа шықса, онда дұрыс істемеген деген сөз. Ал егер кранның мұнарасы бөлшектері шығып, ішіндегі тасып жатқан  жүгі сыртқа шықпаса онда істей беруге болады. Крандарды жыл сайын тексеріп отыру керек. 3 айдың ішінде 200 кран салып отырмыз.

Бұған дейін елордада жүк көтергіш кран көпқабатты үйге құлап, пәтердің терезесінен бір-ақ шыққан еді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Осыдан кейін көпшілік биік кран көрсе үрейленетін болды. 

Заңды жобасын дұрыс істесе кран құламайды. Кранды қойған кезде тексеріс болу керек қой.

Желдің бағытына қарай желдің бағытына, желге қарсы қою керек. Қауіпсіздік техникасы бәрін дұрыстап пайдаланбайды. Құлап қалатыны да содан. Бірақ қауіпсіздік техникасын дұрыстап қою керек. Оларды тексеру қажет.

Еске салайық, бірер күн бұрын жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде құрылысшы мерт болды. Мұнаралы кранның сымы үзіліп, ауыр ілгегі құлады. Құрылыс алаңы жалпы өндіріс орындарында осындай жазатайым оқиға болмас үшін, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаған абзал, - дейді мамандар. 

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Артур Горшняков, Аят Дүйсембаев, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы