Еліміздегі медициналық университеттер заманауи құрылғылармен тәжірибе толықтыруға қауқарсыз

Бұл болашақ дәрігерлер мен фельдшерлердің – ауруды жылдам анықтап, сапалы ем жүргізуіне кедергі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қарапайым алғашқы медициналық көмек жүйесі, емдеу ісі мен ауруларды оңалту қызметінде айқын көрінеді. Осыған байланысты «Ordamed» компаниясы технологиялық проблемаларды шешу үшін заманауи құрылғыларды кеңінен пайдалану керек, дейді.

Юлия Анохина, «Ordamed» АҚ басқарма төрайымы:
Өкінішке қарай, қазір медициналық университеттердің маман дайындау бағдарламасы аясында студенттерді заманауи құрылғылармен үйрету мүмкіндігі жоқ. Жаңа аппараттармен тәжірибе жинаған мамандардың білімі мен тәжірибесі қатар дамып, қызмет көрсету сапасы да арта түседі.  

Сарапшының пікірінше, бизнестің қолдауы арқылы отандық медицинаның әлеуетін жылдам арттыруға болады. Өйткені, ауруханаларға қандай медициналық құрылғылар қажет және оны дұрыс пайдалануды өндіруші мен ресми компаниялар жақсы біледі. 

«Ordamed» компаниясы білім беретін аудиторияларды заманауи құрылғылармен жабдықтауды ұсынады. Себебі, болашақ мамандар сол құрылғыларды дұрыс әрі тиімді пайдалана алуы керек. Біз тәжірибелік семинар, шеберлік сағаты сынды сабақтар жүргізуге дайынбыз. Ол үшін арнайы инженерлер мен шетелдік әріптестерді тартамыз.

Ordamed компаниясы студенттердің білім бағдарламасына жаңа құрылғылармен тәжірибе жинауды қосу керек,-дейді. Сонда жас мамандар жұмысқа жылдам бейімделе алады. Нәтижесінде, білікті дәрігер мен сапалы медицина қалыптасады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев