Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаз астанаға жеткізіледі

Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаздың денсаулығын енді елордалық дәрігерлер тексеретін болды.

19 жастағы Талғат Айтмұханов әскери ауруханаға пойызбен жеткізіледі. Бұл туралы ата-анасы хабарлады.

Айта кетейік, әскери борышын өтеуге барған жігіт 3 күннен кейін өзін біртүрлі мінез-құлықтарымен көрсете бастаған. Жауынгердің денсаулығына алаңдаған бөлімше басшылығы дереу Ақтауға жібереді. Облыстық ауруханада  оған МРТ және мидың КТ тексеруі жасалады. Алайда мамандар ауытқушылық анықтамаған. Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы бойынша әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр.