Аяғы ауыр әйелдердің скринингтен өтуі қиын

Жүкті әйелдердің перинатальді ультрадыбыстық скринингтен өтуі қиын.

Ол болашақ аналардың 85 процентіне ғана қолжетімді. Бұл туралы бүгін бесінші халықаралық «Ана мен бала» ғылыми-танымдық форумында айтылды. Мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі биыл медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, кадрларды оқытуды жоспарлап отыр. Бұл процедура ұрықтың дамуындағы елеулі ауытқуларды, хромосомалық бұзылыстарды және туабітті ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. 

Шәкизат Халықова,  ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің өкілі:

- Біздің басты мақсатымыз жүкті әйелдер, жүктілік болмай жатып, қыздар, жасөспірімдер, толық тексеруден өткізу, жүктілікті жоспарлау, жүктілікке дейін барлық тексерулерден өткізу, жүктілік кезінде қауіпті ауру асқынуы болмас үшін жүкті әйелдерге қажетті емді жүктілікті жоспарламай тұрып жасау. Сол арқылы жүктілік кезінде қосымша асқынулардың алдын алуға болады.