Референдум: елеулі оқиғаға қатысты ел пікірі

Конституциялық референдумға аз ғана уақыт қалды. Ел келешегі үшін тарихи кезеңде әр тұрғынның дауыс бергені маңызды. Тек таңдауды талғамға салып, саналы түрде ғана дауыс беру керек. Сөйтіп, жалпыхалықтық референдумға қатысты ел не дейді?

БЛИЦ:

- Әрине қатысамыз. Қолдаймыз. Әр қазақстандықтың ойы маңызды деп ойлаймын.

- Референдумға бару керек, қатысу керек. Жаңа Қазақстанда әр азамат міндетті түрде өз таңдауын жасау керек. Ұнағаны қазір біздегі суперпрезиденттік басқарудан парламенттік басқаруға өтіп жатыр. Ол өте дұрыс.

- Әрине егер де Қазақстан үшін жақсы өзгерістер болып жататын болса, барып өз даусымды беруге тырысамын.

- Мен әзір общий бәрін білмеймін, 53 поправка бар ғой, заң құжаттарына енгізетін соны көріп, танысып, референдумға барып дауыс беремін.    

- Жалпыхалықтың референдумнан елімізге оң өзгерістер күтеміз. Конституциямызға оң өзгерістер әкеліп, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне, елдің дамуына оң өзгеріс әкеледі деп сенеміз.