456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда гүл егу науқаны басталды.

  • 188
  • UPD: 08:39, 21.05.2022
Павлодарда гүл егу науқаны басталды.

Биыл 30 мың шаршы метр аумаққа гүл егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Гүлзарлар мен саябақтар шырайгүл, сальвия, барқыт гүлдермен көмкерілетін болады. Бұл – солтүстіктің климатына бейімделген гүл сұрыптары. Мердігерлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмысты мерзімінен кеш бастады. Соған қарамастан мамырдың соңына дейін жұмысты толық аяқтауды көздеп отыр. Көгалдандыру жұмыстарына дендрологтар мен дизайнерлер атсалысады. Ал өсімдіктерді таңдау мен күтіп-баптауда мердігерлер ғылыми сүйемелдеу тобының кеңестеріне жүгінеді. Биыл Павлодар қаласын жасылдандыруға қалалық бюджеттен 250 миллион теңгеден аса қаржы бөлінген.

Арслан Қалиақпаров, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

– Біз 30 мың шаршы метр жерге гүл отырғызамыз деп ойлап отырмыз. Оның түсі, қандай жерде, қандай пішінде салынуы – бәрі қаламыздың архитектурасымен келістірілген. Жалпы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бес мың шаршы метрге бүгінгі күні материал, гүлдер келген осында.

Хабар 24 телеарнасы