476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шетел көлігінің утильалымы енді өтінім берген күннен бастап есептелетін болады

  • 265
  • UPD: 13:29, 21.05.2022
Шетел көлігінің утильалымы енді өтінім берген күннен бастап есептелетін болады Tengrinews.kz

Бұған дейін утильалым шетелдік көлік елге кірген уақытынан бастап есептелетін еді. Енді 23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады, деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Утильалымға байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Министрліктің ресми өкілі Беркінбаевтың сөзінше, 2022 жылдың 14 мамырына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің бұған дейін утильалымы төленбеген болса, 23 мамырдан бастап жаңа төмендетілген мөлшерлемемен төлеуге болады. Ол үшін тек тиісті мекемеге өтініш жазу керек. 

«Енді елге кірген көліктердің утильалымы кірген уақытына емес, утильалымға өтінім берген күннен бастап есептелетін болды», – деді ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізген еді. 14 мамырдан бастап Қазақстанда утильалымның жаңа төмендетілген мөлшерлемесі күшіне енген. Бұрынғы утильалым мөлшерлемесі бірден 50 процентке төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы