456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді

  • 143
  • UPD: 10:48, 21.05.2022
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді

Рүстем Байсейітов қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатынан толық айықпағанын, әлі толыққанды оңалту курстарынан өту үшін уақыт қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовтің айтуынша, алған жарақатының салдарынан әзірге жұмысқа істеу қиындық келтіруде.

«Білек қозғалысы белсенділігін қалпына келтіріп, толыққанды оңалту курстарынан өту қажет болғандықтан, мен өз лауазымым - Алматы спорт басқармасының басшылығын тастап, денсаулығыммен айналысу туралы шешім қабылдадым», –деді Рүстем Байсейітов.

Байсейітов өз қызметінде әріптестерімен бірдесіп жемісті жұмыс атқарынан тілге тиек етті. Қоғамдық сауалнама және ҚР ҰОК тарапынан Алматы соңғы төрт жылда барлық кешенді Республикалық жазғы және қысқы спартакиадалардың, олимпиадалық циклдік ойындар мен жарыстардың жеңімпазы, үздік спорт өңірі болып танылғанын еске салды. «Қала басшылығының қолдауымен қолға алынған алты спорт кешенінің алғашқы үшеуінің құрылысы аяқталды. Осы жылдар бойы жеңіске қарай өздеріңізбен бірге қол ұстасып, бірге қатар жүргенімді мақтан тұтамын» – деп жазды Рүстем Байсейітов әлеуметтік желіге.

 

Хабар 24 телеарнасы