Республикалық волонтерлер бірлестігі іс-шара өткізді

Республикалық волонтерлер бірлестігі, жастар ұйымдары мен жас депутаттар елдегі маңызды саяси іс-шарадан тыс қалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар арнайы пікірталас алаңында бас қосып, алдағы референдум төңірегінде туындаған сұрақтарға өзара жауап іздесті. Волонтерлер азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесіндегі өзекті өзгерістерді құптайды. Шараға қатысушылардың пікірінше, Конституцияның үштін бір бөлігіне өзгеріс енуі – ел болашағы жастар үшін маңызды оқиға. Волонтерлік қозғалысты дамыту – Жаңа Қазақстанды жүзеге асыру жолында маңызды рөл атқарады,- дейді «Birgemiz» республикалық волонтерлар фронт-кеңсесінің үйлестірушісі Айбек Досымбетов.

Айбек Досымбетов, «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің үйлестірушісі:

Бұл өзгерістің барлығы болашақ Қазақстанның нығаюына, дамуына үлкен үлесін қосады. Бұл орайда волонтерлер да бұл тақырыптан тыс қалмайды. Референдумның маңыздылығын, елдің болашағы үшін үлкен саяси қадам екенін түсініп, волонтерлар қолдап жатыр.