Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғалы  бір апта өтті. Бүгінге дейін банктерге 14 мыңнан аса өтініш түскен, оның 4 мың 800-ден астамы мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша қазақстандықтарға 35,7 млрд теңге қарыз берілді. Қазірдің өзінде 34 көлік иесін тапқан. Жалпы несие алушылар 5 әйгілі брендтің  32 модельді темір тұлпарын тізгіндей алады. Тиімді несиелеу аясында отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Маусымда оның саны екі есе артады. Жалпы жаңа автонесиелеу бағдарламасы 30 жыл бойы жүзеге асады. 

Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры:

Әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыда да ыңғайлы нәрсе болса, бәрі соны алғысы келеді. Сондықтан көпшілік ойлайды: 100 млрд бөлінді, он млн-нан санасақ, он-ақ мың адам алады машинаны, болды қалғандары қалды дейді ғой. Бұл арада револьверлік қағидат бар. Бұл ақша 30 жыл айналатын болады.

Ербол Сейпілов, Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі:

Халықаралық талаптарға сай көліктер. Өйткені шығару алдында бұл көліктер бірнеше тексеруден өтеді және шығару алдында «көлікті мақұлдау типі» деген құжат бар арнайы. Бұл құжатты алу өте қиынға соғады. Ол көліктердің барлығы сапасы жағынан тексеріледі. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша.