476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды

  • 134
  • UPD: 15:05, 23.05.2022
Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды

Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық қосымша жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жандануда.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап үш мемлекетаралық пойыз Ресей Федерациясына қарай жүре бастайды. Пойыздар маршруттар бойынша жүреді:

2022 жылғы 3 маусымнан бастап жұма және сейсенбі күндері Қарағандыдан жөнелтілетін Қарағанды-Омбы бағытындағы №145/146 пойызы. Құрам 2022 жылғы 4 маусымнан бастап сенбі және сәрсенбі күндері Омбыдан Қарағандыға шыға бастайды;

Алматы-2-Қазан бағытындағы №113/114 пойызы Алматыдан 2022 жылдың 6 маусымынан бастап дүйсенбі күндері жөнелтіледі. Ол Қазаннан Алматыға қарай 2022 жылғы 9 маусымнан бастап бейсенбі күндері кері жүре бастайды;

Қарағанды-Мәскеу қатынасындағы №83/84 пойыздың қатынауы Самара станциясына дейін қысқарады. Ол Қарағандыдан 2022 жылғы 8 маусымнан 30 шілдеге дейін жұп күндері жүретін болады. Құрам Омбыдан Қарағандыға 2022 жылғы 10 маусым мен 30 шілде аралығында жұп күндері қатынайды.  Сонымен қатар, 1 тамыздан 31 тамызға дейін осы пойыз Қарағандыдан Самараға және Самарадан Қарағандыға тақ күндері жолға шығады. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында пойыз Қарағанды мен Самарадан жұп күндері қатынайтын болады. 1 қарашадан 9 желтоқсанға дейін - Қарағандыдан Самараға тақ күндері қатынайды.  Самарадан Қарағандыға, 1 қарашадан 11 желтоқсанға дейін пойыз тақ күндері жүретін болады.

Билеттердің құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады.

27.04.2022 жылғы шешімді ҚР аумағында коронавирустық індеттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы №21 қаулысында жазылған талаптарды сақтау міндетті.

Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға қарсы ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Оны берген күннен бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспауы тиіс.  Немесе ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР аумағында жарамды деп танылған коронавирустық індетке қарсы екпе алуы немесе қайта вакцина қабылдауының толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Егер жолаушылар ПТР тестінің нәтижелері болмаса немесе COVID-19 қарсы екпенің паспорты болмаса, вагонға отырғызуға жіберілмейді.

- теріс нәтижесі бар:

- 5 жасқа дейінгі балаларға оларды алып жүретін адамдарда осындай анықтама болған жағдайда;

- ҚР үкіметтік делегацияларының мүшелеріне;

- локомотив бригадаларының мүшелеріне, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға;

- егер екінші компонентті алғаннан кейін ҚР шекарасын кесіп өту сәтінде алты айдан аспаған болса, ҚР-да ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсынған кезде;

- ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама ұсыну талап етілмейді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және сайттан алуға болады Bilet.railways.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы