Жаңақорғанда дауылдан келген шығын мөлшері есептеліп жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы қатты жел салдарынан үзілген электр желілері қалпына келтірілді.

Төменарық, Екпінді, Сунақ ата, Бесарық, Қандөз, Көктөбе елді мекендеріне жарық берілді. Бұл ауданда 3 ғимараттың шатыры ұшқан. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Ал Шиелі ауданында 5 мектеп пен 1 колледжге зақым келген. Жалпы шығын көлемі 6,7 млн теңге. Аудандағы №251 мектептің 500 шаршы метр шатыры қирап қалды. Облыстық білім басқармасы қаржы бөлу жағын қарастырып жатыр. Оқу жылы аяқталғанша қалпына келтіреміз дейді мамандар.