Иесін тек қазақша түсінетін құтқарушы иттер бар

Солтүстік Қазақстан облысында апаттық-құтқару қызметіндегі иттер емтихан тапсырады.

Үш күндік шараға еліміз бойынша 30-дан аса ит қатысып жатыр. Олар қарапайым бұйрықтарды орындаумен қатар апат кезінде орман ішінде немесе тас үйінділерінің астында қалып қойған адамдарды іздеп табудан сынға түседі.

Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, құтқару қызметінде иісшіл иттердің көмегі орасан зор. Олардың арасында иесін қазақша ғана түсінетін төбеттер де бар.         

Ерасыл Байтеміров, 52/859 ӘБ Кинология қызметінің топ басшысы /Қарағанды облысы/:

- Жат! Тұр! Орнында! Қасымда! Бұл күшікті күшік кезінен өзім тәрбиеледім. Өсірдім. Командалары қазақша. Қазіргі кезде 6 жасар. Бұл иттің ерекшеліктері енді құтқару жұмыстарын жақсы атқарады.