Шымкентте Арнольд-Киари синдромына шалдыққан балаға күрделі операция жасалды

Шымкенттік дәрігерлер Арнольд-Киари синдромы анықталған науқасқа алғаш рет күрделі операция жасады.

Сирек кездесетін дертке шалдыққан 15 жасар баланың мойын омыртқасы қисайып, ақыл-есінде ауытқу пайда болған. Операция арқылы шизофренияның алдын алып, мүгедектіктен сақтап қалуға болады дейді дәрігерлер. Сөйтіп, мамандар мидағы ақауды хирургиялық жолмен емдеді. Қалалық клиникалық балалар ауруханасында жасалған операцияда жаңа құрылғылар пайдаланылды. Туа біткен сырқаты бар балаларды оперативті емдеу енді жергілікті жерде жасалады. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберілетін.

Самат Көкшібаев,  қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер – нейрохирургы:

- Операцияның көлемі басының арт жағынан шүйде аймағының шөйде сүйегі дөңгелетіп кесіп алынады. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу.